Қазақстандықтар Дженнифер Лопестің концертіне билет ала алмай отыр

294

Сайт әкімшілігі мұны техникалық себептермен байланыстырып отыр.  

Қазақстандықтар Дженнифер Лопестің концертіне билет ала алмай отыр Фото: Instagram JLO

Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымы басталмас бұрын ticketon.kz сайты уақытша істен шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Билеттер 11 сәуірде сағат 11:00-ден бастап сатылымға шығатыны айтылды.

Алайда бүгін https://ticketon.kz/ сайтының діттеген уақыттан бірнеше минут бұрын ашылмай қалғаны белгілі болды. Портал уақытша істен шықты.

"Сайтқа кірушілердің көптігіне байланысты виртуалды кезек пайдаланылады, бұл веб-сайтты бір уақытта қолданатындар санын шектейді. Осылайша сайтпен оңтайлы жұмыс қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады "Тикетон" әкімшілігі.

Айта кету керек, осыған дейін Дженнифер Лопес Астанаға келетінін жазған болатынбыз. Әлемге танымал әншінің елордадағы концертінен бюджетке 400 млн теңге түсетіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу