ЕАЭО-да тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі өзгерді

384

Шешім 2023 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

ЕАЭО-да тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі өзгерді Фото: kgd.gov.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 18 шілдедегі шешімімен тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Яғни Одаққа мүше мемлекеттің зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылады. Немесе Одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі көрсетілген тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілері жоқ тауарлардан бөлек декларацияланады.

Мұндай тауарларды декларациялау кезінде осы тізілімге сәйкес зияткерлік меншік объектісінің тіркеу нөмірі (бар болса) қосымша көрсетіледі.

Электрондық құжат нысанындағы декларацияны тапсыру кезінде бірнеше тіркеу нөмірлерін көрсету ДТ құрылымының тиісті деректемелерін толтыру жолымен, ал қағаз жеткізгіштегі құжат нысанында ДТ тапсыру кезінде үтірмен ажыратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу