ЕЭАО елдерінен келген мамандар зейнетақымен қамтамасыз етілуі мүмкін

714

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осыған байланысты заң жобасын жұмысқа алды.

ЕЭАО елдерінен келген мамандар зейнетақымен қамтамасыз етілуі мүмкін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған келесі заң жобасы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" болды. 
Аталған тақырып бойынша ойын ортаға салған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамыраев бұл келісім ЕЭАО шарттын іске асыру үшін әзірленгенін айтады. 

"ЕЭАО елдерінен келген еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда және дәл сондай тәртіппен қалыптастыруды қамтамасыз ету көзделеді. Бұл келісім 2019 жылы 20 желтоқсанда жасалды. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Мәжіліс депутаты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу