"Егер "Борат" фильмі болмағанда…": Алматыда концерт берген 50 cent Қазақстан туралы ойын айтты

7340

Кеше, 28 қарашада Алматыда америкалық рэпер 50 cent өнер көрсетті.

"Егер "Борат" фильмі болмағанда…": Алматыда концерт берген 50 cent Қазақстан туралы ойын айтты Фото: inbusiness.kz

Рэпер Instagram парақшасында Қазақстандықтар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда ол қазақ жанкүйерлеріне не айтқысы келетінін дәл жазған жоқ.

"Алматы, Қазақстан. Өртедіңіздер. Егер "Борат" фильмі болмағанда сіз менің не айтып тұрғанымды білмес едіңіз", деп жазды instagram-парақшасында.

Бірақ бұл жазба қазақстандық жанкүйерлердің ашуына тиді. Себебі әлемдік рэпер жазбасына атышулы Боратпен Қазақстанды байланыстырған.

Айта кетейік, Земфира Алматы мен Астанадағы концерттерінен кейін екі нысандағы ұйымға көңілі толмайтынын, "әдемі таулар" мен "жылы қарсы алу" туралы ештеңе жазбағанын, тіпті "Қазақстан" деген сөзді де жазбасына кіші әріппен жазады, осылайша қазақстандық жанкүйерлері арасында наразылық тудырды. Кейінірек орындаушы ешкімді ренжіткісі келмейтінін айтып, жазба жариялады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу