eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне байланысты сауалнама пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауалнама "Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану" деген атауға ие. Онда жалпы бес сұрақ бар.
Қазақстандықтарға "Бір күндік жоспарыңызда сізге уақыт көп жағдайда не нәрсеге жетпей қалады?", "Тәулік ішінде қай уақыт сіз үшін ең қолайлы?", "Қаламызда кафелер мен фитнес орталықтарын ертерек ашу идеясына қалай қарайсыз?", "Қазіргі қолданыстағы уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай?", "Сізге қай уақыт белдеуі ыңғайлы?" сияқты сұрақтар қойылады.
Айта кету керек, осыған дейін Олжас Бектенов уақыт белдеуіне қатысты соңғы шешімді айтқанын жазғанбыз. Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге кетеді.
Министрлік бірыңғай уақыт белдеуін жақтайтындар да, қолдайтындар да бар дегенді алға тартып отыр. Осыдан бір жыл бұрын депутат бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы депутаттық сауал жолдаған.