Екібастұзға 36 отбасы көшті

1204

"Нұрлы Ертіс" бағдарламасының шеңберінде елордада үй кезегінде тұрған 36 отбасы Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға қоныс аударды.

Екібастұзға 36 отбасы көшті

Жылдар бойы баспанасына қол жеткізе алмаған отбасылар бүгін үш автобусқа отырып, жаңа баспаналарына қарай жол тартты, деп хабарлайды Atameken Business.

Тұрғын үй қорының дерегінше, бағдарламаға 3 және одан да көп баласы бар жанұялар іліккен. Ал Екібастұзда оларға 80 шаршы метрлік 122 үш бөлмелі және 60 шаршы метрлік 100 екі бөлмелік пәтер берілмек.

Жаңа баспана қоныс аударушыларға жалға беру шартымен табысталады. Яғни әр отбасы ай сайын 5700-ден 8 мың теңгеге дейін  жалдау құын төлеп отырады. Кейін баспаналарды сатып алуға да болады дейді әкімдік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу