"Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде қаланы салған, осы шаһарды тұрғызған, идеясын да өзі айтқан адамға құрмет ретінде қаланың атын Нұр-Астана, әрі кеткенде Нұр-Сұлтан деп атау керек деген ұсыныс айтқан. Сондықтан сұхбат беріп отырған сәтті пайдаланып, барлық басшыдан, қазақстандықтардан сұрарым, атау беруге әуестенудің керегі жоқ. Маған бұл қажет емес", – деді Елбасы.
Тұңғыш Президенттің ойынша, тірі кезінде ескерткіш орнату – өлгеннен кейін сені ұрпақ есінде сақтайтынына сенбеу деген сөз.
"Көптеген басшылар ескерткіш естелік ретінде қалады деп ойлайды. Ал маған түк керегі жоқ. Мұндайға әуестенудің қажеті жоқ. Қайта қалалардың тарихи атауларын қайтару қажет", – деген ойын білдірді Елбасы.