Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп inbusiness.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Әңгімелесу барысында тараптар бір-біріне келе жатқан көктемгі Наурыз мейрамына орай жылы құттықтаулар білдіріп және дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және достастық рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады", - делінген Елбасы сайтында жарияланған хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев аймақтық күн тәртібінің өзекті аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады, деп хабарлады баспасөз қызметі.