ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
"Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт", – деді Елбасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу