Елбасы "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады

1127

Елбасы "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады

"Алтын сапа" Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты атанып, "Үздік индустриялық жоба" номинациясында Атырау облысының "Атыраунефтемаш" ЖШС көш бастады. Награданы компания жетекшісі Сағат Түгелбаев алды. "АтырауНефтеМаш" ШС Қазақстанда мамандандырылған зауыттың бірі болып табылады. Кәсіпорында  заманауи технологиялар игерілген, деп жазады strategy2050.kz.

"Үздік инновациялық жоба"  номинациясында "Химфарм" АҚ (ОҚО). Зауыт директоры Рүстем Байғарин Президент қолынан наградаға ие болды.

Сондай-ақ, "Сапа көшбасшысы" номинациясы бойынша Павлодар облысындағы "Қазақстандық электроиз зауыты" АҚ  үздік атанды. Награданы ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич алды.

Оған қоса, Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталған шараны жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауға қатысуға республиканың 501 кәсіпорнының басшылары  өтінім білдірді.Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарынан (68 өтінім) келіп түсті. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан 53 үміткерден тіркелді.

"Парыз" бас жүлдесіне "Қазақмыс" Корпорациясы (2008 жыл); "Торғай Петролеум" АҚ (2009 жыл); "СНПС-Ақтөбемунайгаз" АҚ (2010 жыл); "Тенгизшевройл" АҚ (2011 жыл);"Қаз ТрансОйл" АҚ (2012 жыл); "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (2013 жыл); "Қазгермұнай" ЖШС (2014 жыл);"Самұрық Энерго" АҚ (2015 жыл) ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу