Елде HoReCa саласындағы белсенді компаниялар азайып барады – зерттеу

812

Мемлекеттің ресми мәліметтері Қазақстанда мейрамхана және қоғамдық тамақтану саласындағы (HoReCa саласы) шағын компаниялардың табысы екі есе өскенін нұсқайды.  

Елде HoReCa саласындағы белсенді компаниялар азайып барады – зерттеу

Әйтсе де аталмыш сектордағы белсенділігі уақытша төмен кәсіпорындардың саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 36% көп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Осы жылдың шілде айында елде қоғамдық тамақтану және тұру қызметін көрсететін 6,7 мың кәсіпорын жұмыс істеген. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,3% көп. Дегенмен бұл тұрғыда белсенділігі уақытша төмен кәсіпорындардың саны 2 мыңға, яғни 36,2% көбейген. Жаңа, бірақ белсенділігі төмен компаниялардың саны 6,7%, сан жағынан 1,5 мыңға артқан.

HoReCa саласындағы кәсіпорындардың бәрі де шағын бизнеске жатады: олардың жалпы санының 98,4%, сан жағынан 6,6 мыңы осы қатарда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында сектордағы шағын кәсіпорындардың өндірген өнімі мен көрсетілген қызметі 35,4%, ақша жағынан 82,5 млрд теңгеге өскен. Бұл кәсіпорындардың шығындары 40,3%, 67,5 млрд теңгеге ұлғайған. 

"Өңірлерді бөліп қарағанда сектордағы көрсетілетін қызметтердің ең ауқымды көлемі Алматыға тиесілі: 149,8 млрд теңге. Нақты көрсеткіш Алматыда 20,1% төмендеген. Екінші және үшінші орында Нұр-Сұлтан мен Атырау облысы тұр. Қызметтердің өсімі Қазақстанның 17 өңірінің тек 3-де, атап айтқанда Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте байқалды. Нақты көрсеткіш бойынша қызметтер көлемінің ең көп қысқаруы Ақмола облысында тіркелді: 56,9% немесе 6,7 млрд теңгеге дейін. 2021 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша қонақүйлер мен мейрамханалар қызметі бір айда 0,8%-ға, ал бір жылда 8%-ға қымбаттады. Қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы бір жылда 8,1%-ға өсті", делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу