Елде жаңа үйлер 15% қымбаттаған

1049

Биыл қарашада Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,6% (шаршы метрі 354,7 мың теңгеге дейін), ал қайталама нарық баға 1,1% (үйдің шаршы метрі 282,3 мың теңгеге) өскен.

Елде жаңа үйлер 15% қымбаттаған

Елде бір жылда жаңа салынған үйлер 15,2%, ал бұрын салынған үйлер 23,1% қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлік бағасының өсуі жалпы әлемдік тренд болып саналады. 2021 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үй бір жылда 11,2% қымбаттаса, Түркияда – 33% (Еуропа статистикасы дерегінше), Чехияда – 14,7%, Литвада – 12,5%, Эстонияда – 11,9%.

Сондай-ақ Португалия мен Германияда жаңа пәтерлер 7%-8% қымбаттаған.

Сонымен қатар Қазақстанда инфляция деңгейі жоғары: қазанда – 8,9%, қарашада – 8,7%, нысаналы дәлізде – 4% -6%. Сондықтан Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75% дейін көтерген.

Әлемде қалалардағы тұрғын үй бағасы соңғы 17 жылда айтарлықтай өсуде. Тізімдегі қалаларда орташа жылдық өсім үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша 10,6%. Мысалы, Санкт-Петербургте (15-орын) бір жылда үйдің бағасы 24,5%, Мәскеуде (20-орын) 22,1% өскен.

2021 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үй бағасы бір жылда Алматыда 13%, Нұр-Сұлтанда 15,6%, Шымкентте 16,8% көтерілген. Бұрын салынған үйлер бір жылда Алматыда 9,8%, Нұр-Сұлтанда 27% және Шымкетте 54,6% қымбаттаған.

Бастапқы нарықта бағаның өсуі төмен. Себебі, онда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының басым бөлігі жұмыс істейді.

Биыл қарашада Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орташа есеппен 354,7 мың теңге болды. 

Сондай-ақ негізгі тұрғын үй операторы Отбасы банкінің бағдарламалары шеңберінде тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы – 231,6 мың теңге, шамамен 35% аз.

Тіпті кейбір қалаларда (Шымкент, Петропавл, Атырау) Отбасы банкі бағдарламалары бойынша тұрғын үй нарығындағы орташа көрсеткіштен 40% төмен болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу