Қазақстанда 55 мыңға жуық көпқабатты үй болса, оның 752 - сі апатты жағдайда. Ал 3 мың ғимарат ескіріп тұр. Сала мамандары азаматтар тек кәсіп обьектілерін сақтандыруға үйренген. Кейбірі тіпті мұндай қызметтің барын да білмейді. Жаман айтпай жақсы жоқ.
Түркиядағы зілзаладан күл талқаны шыққан Нұрдағы қаласы сүріліп, үйсіз-күйсіз қалған 40 мың тұрғынға жаңа үй берілетін болды. Қазір қираған шахардағы шығын есептеліп жатыр. Табиғи апат айтып келмейді. Былтыр Қостанай облысында орман өртінен панасыз қалғандарға жаңа баспана берілген еді. Алайда бұл кішігірім ауыл болатын. Үлкен қалаларда оқыс жайт болса мүлік шығынын кім өтейді?
"Заң тұрғысынан келетін болсақ Үкімет апатқа ұшырады деп бәріне үй бере беруге міндетті емес. Бірақ мен бір нәрсені айтқым келеді, күтпеген тасқын, зілзала кезінде Үкімет халқын қолдауға міндетті".
"Елде тұрғын үйлердің тек 1-2 % ғана сақтандырылған. Ал несиеге алған үйлерге банктер төлем уақыты аяқталғанша кепілдік береді. Сақтандыру үй көлеміне қарай есептеледі. Былтыр Алматының 7 мың, Астананың 1600 тұрғыны мүлкін сақтандырыпты. Батыс пен Қарағанды облысының тұрғындары да қызметті пайдаланған. Алайда сала маманы адамдар үйлерін сақтандыруға келгенде ат тонын ала қашады-, дейді заңгер Камиша Есмухамбетқызы.
"Мүлікті сақтандыру үй бағасының 0,1%. Салыстырмалы түрде бұл автокөлікті сақтандырудан арзан. Сіз төлемді өзіңіз таңдай аласыз. Яғни жылына 1 млн теңгеге немесе толық үйді кепіл бола аласыз. Өкінішке қарай ел азаматтары енді ғана мүлкін сақтандырып жатыр", дейді Сақтандыру компаниясы төрағасының орынбасары Ержан Үндібаев.
Мамандар ипотекаға алған үйдің сақтандырылғаны жайлы банк хабар етуі тиіс-,дейді. Қаржы ұйымдары мұны негізгі пайыздық үстемеге қосып келген. Бұл заңды бұзған болып есептеледі екен.
"Көп жағдайда сатып алушы күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда шұңқырға түспейтініне сенімді болу үшін банк қызметкерлері осындай әрекетке барады. Кепілдік несие алушыға сақтандырылу тиіс екенін ,соның құқықтары бар екенін айтылмаса,онда оның құқығы бұзылды деп есептеуге болады. Және келісімшарттың маңыздылығын жоюға болады", дейді заңгер Камиша Есмухамбетқызы.
Доскен Астанадан үй алған. Ипотеканы онлайн рәсімдегендіктен пәтерін сақтандырғаны жайлы ешкім ескертпеген. Ол болса елорда тұрғындары үшін сақтандыру төлеп қажет емес-, дейді.
"Үйді сақтандыруға болатынын және міндетті екенін ипотекаға алып отырған жағдайда міндетті екенін бірінші рет естіп отырмын. Сақтандыру жақсы,тиімді. Бірақ көп жерлерде міндетті емес деп ойлаймын. Себебі Астана қаласында менің ойымша жер сілкінісі қауіпі жоқ", дейді Астана қаласы тұрғыны Доскен Абылашов.
Елде қазір 55 мыңға жуық көпқабатты болса, оның 1000 ға жуығы апатты жағдайда. 3 мың ғимараттың тозығы жетіп тұр.