Электронды хаттаманы толтыруға арналған 50 планшет табыс­талды

1239

Электронды хаттаманы толтыруға арналған 50 планшет табыс­талды

Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Астана қаласы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылатын "Электронды хаттама" жобасын таныстырды, деп хабарлайды elorda.info.

Бұдан былай полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған азаматтарға хаттама толтырып, уақыт өткізбейтін болды. Бар болғаны 3-5 минут ішінде құжатыңыздағы ЖСН нөмірін планшетке енгізіп, электронды қолтаңба арқылы айыппұл сала алады.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен құқық қорғаушыларға электронды хаттаманы толтыруға арналған 50 планшет табыс­талды. Жыл соңына дейін тағы 150 планшет беру көзделіп отыр. Бұған қоса, хаттаманың көшірмесін басып беретін термопринтерлер де бар.Осының арқасында көлік жүргізушілері де, ішкі істер органдары да біржолата қағазбастылықтан құтылатын болды. Электронды хаттаманың айыппұлын интернет немесе банк арқылы төлеуге болады. Алдағы уақытта пост-терминалдар арқылы төлеу қызметін де енгізу жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу