Еліміз 2020 жылы 18,2 млрд теңгеге вакцина сатып алды

1008

Екпелер әлемдегі алдыңғы қатарлы Глаксо, Пфайзер, Санофи компанияларынан және ЮНИСЕФ арқылы сатып алынады. 

Еліміз 2020 жылы 18,2 млрд теңгеге вакцина сатып алды

Қазақстандықтарға арнап 2020 жылы 18,2 млрд теңгеге вакцина сатып алынды, деп хабарлады "СК-Фармация" баспасөз қызметі. 

"Қазақстандық вацинация күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынысына сәйкес жасалды.  "СК-Фармация" қазақстандықтардың иммунизациясы үшін 20 түрлі вакцина сатып алуда. Бірыңғай дистрибьютор 2020 жылға 18,2 млрд теңгеге вакцина сатып алды", - деп хабарлады "СК-Фармация" баспасөз қызметі. 

Компания полиомиелит, көк жөтел, дифтерия, А және В гепатиті, гемофилияға инфекция, қызылша, паротит және басқа ауру түрлеріне қарсы екпе алған. 

"Вакциналардың бірқатары әлемдегі алдыңғы қатарлы Глаксо, Пфайзер, Санофи компанияларынан, сонымен қатар ЮНИСЕФ арқылы сатып алынады. Олардың барлығы тіркеу барысында көп сатылы тексеруден өтеді. Сондықтан мен қазақстандықтардың тегін иммунизациясы үшін алынатын вакцияналардың сапасы әлемдік талаптарға сай келеді деп сеніммен айта аламын", - деді бірыңғай дистрибьютор басшысы Берік Шәріп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу