Бұл туралы аграрлық Сенатта өткен Үкімет сағатында депутат Өтеғұлов Арман мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Экономиканың кез келген саласында ғылымды дамыту мен білікті кадрларды тарту – саладағы еңбек өнімділігін арттырудың басты кепілдерінің бірі екендігі белгілі. Бүгінде табиғаты қатал, жері құнарсыз болса да, бір жылдың ішінде бір жерден 2-3 рет өнім алып жатқан мемлекеттер бар. Оның негізгі себебі – сол елдерде агроғылым жолға қойылып, білікті мамандар еңбек етеді. Қазақстанның еңбекқор халқы, кең-байтақ жері, құнарлы топырағы бар, яғни ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыруға барлық мүмкіндігіміз бар", – деген сенатор бұл артықшылықтарымыз өз деңгейінде қолданылмай келе жатқанын атап өтті.
"Сол себепті ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістің өнімділігі төмен, сәйкесінше шығыны да көп. Ол, аграрлық өндіріс салалары мен осы бағытта жүргізілетін еліміздегі ғылыми-зерттеу инновацияларының өзара байланысы жоқтығы, мысалы: ғылыми - зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу бүгінде небәрі 8%-ды құрайды. Аталған жағдай, қазақстандық компаниялар арасындағы отандық агроғылымға деген сұраныстың төмен екенінің көрінісі", – деді депутат.