Елімізде 1,15 млн адам бейресми жұмыспен қамтылған

275

Еңбек құқығының кепілдігінсіз жұмыс істейтіндердің басым бөлігі оңтүстік өңірлерде тұрады. 

Елімізде 1,15 млн адам бейресми жұмыспен қамтылған Фото: dknews.kz

Былтыр республикада бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың саны азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік пакетсіз, демалыссыз, сақтандырусыз және басқа да еңбек кепілдігінсіз жұмыс істейтіндердің үлесі елімізде 13,6%-дан 12,8%-ға дейін азайды. Дегенмен сандық тұрғыдан қарар болсақ, айырмашылық көп емес. 2021 жылы мұндай жұмысшылардың саны 1,2 млн болса, ал өткен жылы – 1,15 млн адам, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

2017-2022 жылдардағы статистикаға сүйенсек, қалыпты емес еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтіндердің саны 1,38 миллион адамнан 1,15 миллион адамға дейін азайды.

Былтыр бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың жартысына жуығы оңтүстікте тұрған: 532,3 мың адам. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында да тіркелді: әр өңірде 113 мыңнан астам адам. Әлеуметтік пакеті жоқ жұмысшылардың ең аз саны Маңғыстау облысында: 7,8 мың адам.

2022 жылы бейресми жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында 34 жасқа дейінгі қазақстандықтардың үлесі 37% болды. Қалғаны – орта және егде жастағы адамдар (725,3 мың адам). Әлеуметтік кепілсіз істейтіндердің арасында  жоғары білімі барлардың саны бірден 20,2%-ға, орта кәсіптік білімі бар адамдар саны 7,8%-ға артқан. Жалпы мұндай азаматтардың саны 812,9 мыңнан асып жығылады. Олардың бейресми жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесі 70,6%-ды құраған.

Дүние жүзінде бейресми жұмыспен қамтылғандардың ең аз үлесі АҚШ, Жапония, Канада секілді экономикасы дамыған елдерге тиесілі. Көрсеткіш 20%-49% аралығындағы екінші топқа Ресей, Түркия, Бразилия және басқа да Оңтүстік Америка елдері кіреді. Қазақстан Қытай, Украина, Беларусь, Үндістан тәрізді елдермен үшінші топқа кірді. Ең нашар жағдай Африканың кедей мемлекеттерінде тіркелген, мұнда жұмысшылардың 90%-дан астамы әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу