Елімізде 380 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

825

Оның 250-і импортты алмастыруға негізделген. 

Елімізде 380 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ Фото: parlam.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

"Алдағы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі 380 инвестициялық жобаны, оның ішінде импортты алмастыру аясында 250-ге жуық (65%) жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бұл тізімге агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыратын жобалар енгізілген: бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар және өзгерелі. Жыл сайын кем дегенде 75-80 инвестициялық жоба іске қосылады. Яғни, жобаларының пулы әлі де кеңейетін болады", - деді ведомсво басшысы. 

Бұған қоса дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру және қайта өңдеу бойынша  7 ірі экожүйені құру жоспарланған.

"Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін биылдан бастап бизнес үшін тиімді міндеттемелер кезең-кезеңімен енгізіледі. Сонымен қатар, базалық қолдау құралдарын субсидиялау көлемін ұлғайту есебінен 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 6%-ға дейін, ғылыми негізделген норманың 30%-на дейін минералды тыңайтқыштарды қолдану, ал жоғары сапалы тұқымдарды енгізу деңгейін 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда", - деді Сапархан Омаров. 

Аталған шаралардың нәтижесінде 5 жылда еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, өнім экспортын және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің табысын 2 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 4,1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. 

"Бұл қосымша 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді", - деп қорытындылады министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу