Елімізде 800-ден астам мектеп директоры жетіспейді

1669

Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділік көрсеткіштері қайта қаралды.  

Елімізде 800-ден астам мектеп директоры жетіспейді Фото: Times.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев депуттардың сауалына берген жауабында айтты.

Ведомство басшысы “Білім туралы” ҚР Заңына “ротациялау” ұғымы 2021 жылы Мәжіліс депутаттарының бастамасы бойынша енгізілгенін еске салды.

“Тиімділік көрсеткіштері бойынша мәліметтерді материалдарды объективті және толық жан-жақты зерделеу үшін консультативтік-кеңесші орган болып табылатын және білім беруді басқару органдарының, әдістемелік кабинеттердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен тұратын комиссия қарайды. мемлекеттік білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділік көрсеткіштері қайта қаралды. Ротациялауға жататын бірінші басшы қойылған ұпайлардың объективтілігін, дұрыстығын қайта тексере алады. Қарау қорытындысы бойынша комиссия ротация туралы тиісті шешім қабылдайды”, - деді министр.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, бірінші басшы комиссия шешімімен келіспеген жағдайда сотқа дейінгі тәртіппен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне шағымдануға құқылы.

Биыл 225 директор ротацияланды, оның ішінде орта білім беру ұйымдарының 89 директоры, мектепке дейінгі ұйымдардың 119 меңгерушісі, қосымша білім беру ұйымдардың 14 директоры, арнайы ұйымдардың 3 директоры. Ротацияланған бірінші басшылардан шағымдар келіп түспеген, деп жалғастырды ведомство басшысы

“Берілген санатқа байланысты директор санат үшін лауазымдық жалақының 30%, 70%, 100% мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады. Сонымен қатар, мұғалімдер сияқты, жыл сайын мектеп директорының және оның орынбасарларының лауазымдық жалақысы 25%-ға артады”, - деп хабарлады ол.

Министрдің хабарлауынша, қазіргі таңда ел бойынша мектеп директорларының бос жұмыс орындарының саны – 811.

Бұдан бөлек Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін басқару және көшбасшылық құзыреттерін меңгерген білікті мамандармен жасақтау үшін Министрлік Президенттік кадр резервінің моделі бойынша Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі нормаларды бекіткен көрінеді.

Оған сәйкес білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүргізіледі:

  • І кезең – құзыреттілікті бағалауға тестілеу;
  • ІІ кезе – үміткерлерді үш деңгейлі оқыту;
  • ІІІ кезең – елдің жетекші мектептерінде тағылымдама;
  • IV кезең – қорытынды бағалау рәсімінен өту;
  • V кезең – Министрлік жанындағы комиссиямен проективтік сұхбат форматындағы әңгімелесу.

“Бағалау әдісі ретінде проективті сұхбат қатысушыларға әртүрлі жағдайларда өз дағдыларын, қабілеттерін және реакцияларын көрсетуге мүмкіндік беретін сценарийлер немесе тапсырмалар беруге негізделген”, - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу