Елімізде АЭС салуға әлеуетті жеткізушілердің қатарына АҚШ-тың 2 компаниясы қосылғысы келеді

349

Бүгінгі таңда 4 компанияның аты белгілі.

Елімізде АЭС салуға әлеуетті жеткізушілердің қатарына АҚШ-тың 2 компаниясы қосылғысы келеді Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде АЭС салуға ниет білдірген тағы екі компанияның ұсынысы қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы "Росатомнан" басқа Қазақстанда АЭС-салуға Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары ниетті екенін еске салды.

"Бұдан бөлек, америкалық General Electric, NuScale компанияларының ұсыныстарын да қосымша қарастырып отырмыз.  Нақтылайтын болсақ, шағын модульді реакторлар орнату технологиясын зерттеу үстіндеміз", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Десек те, Сатқалиев түпкілікті шешім референдумнан кейін қабылданатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін айтты. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев референдум өткізуге кететін қаражат көлемі туралы пікір білдірген болатын. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан  атом электр стансасын бейтарап әрі дамыған елдер салған дұрыс деп айтқан еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу