Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға артады. Мұны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Алмас Құрмановтың айтуынша, аталған төлемдер еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылғандарға арналған. Жәрдемақыны арттыруға мүмкіндік беретін норма "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" жаңа заңда қаралған. Қазір ол Мәжіліс депутаттарының қарауында.
Халықты әлеуметтік қорғауды жаңартудың өзге де жолдары бүгін елорда өткен республикалық семинарда талқыланды. Тәуелсіздік сарайында болған жиын жайлы арна тілшісі Гүлжайна Өмірбек айтып берді: