Жаңа кен орындарының іске қосылуы, өндіріс көлемінің артуы, заңнамалық актілердегі бірқатар өзгеріс пен толықтырулар, сондай-ақ Ұлттық банк тарапынан сұраныстың тұрақты болуы өсімге оң септігін тигізді, деп хабарлайды 24.kz.
Статистика комитетінің дерегі бойынша, қараша айында түсті металл өндіру көлемі 8,5 тоннадан асқан. Осы қарқын 4 ай қатарынан жалғасып келеді. Ал қыркүйек айында 9 тоннадан асып, рекорд тіркелді.
Жалпы өндіріс қарқынының жоғарылауы бірнеше факторға байланысты. Мәселен, осы жылдың маусым айында Шығыс Қазақстанда "Бақыршық" алтын кен орны іске қосылды. Ондағы қор көлемі 280 тонна, алайда асыл тасты алу технологиясы күрделі. Дегенмен өндіріс қуаттылығын жылына 10 тоннаға арттыру көзделіп отыр.
Бүкіләлемдік алтын кеңесінің дерегі бойынша, отандық қордың жалпы көлемі 341 тоннаны құрайды. Ал жергілікті статистика комитетінің дерегінше, өңделмеген немесе жартылай өңделген алтынның экспорт құны жыл басынан 4 млн долларға жеткен.
Осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, алтын өндіру көлемі шамамен 40 тоннаға артыпты. Мәселен, 2014 жылы – 49 тонна, 2015-те – 63 т, 2016-да – 74 және 2017 жылы 85 тоннаны құраған. Соңғы рет айлық өндірістің көлемі 2015 жылдың маусым айында ғана сәл төмендеген. Ал биылғы көрсеткішті өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ, өсім деңгейі шамамен 20 пайыз