Елімізде "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң әзірленеді

1151

38 нормативтік құқықтық актіге түзетулер енгізілмек.  

Елімізде "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң әзірленеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты, 2021 жылы "Биологиялық қауіпсіздік туралы"  заң әзірлеуіміз керек",  деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар былтыр 2022–2025 жылдары елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және аталған саладағы қосымша қажеттіліктерге жалпы сомасы 55 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленді. Құжатты 2025 жылға дейін қабылдау жоспарланып отыр.

"Осы заңды іске асыру шеңберінде бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ тәуекелдерге ден қою үшін 38 нормативтік құқықтық актіге түзетулер енгізу көзделіп отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 млрд теңге сомасына 459 бірлік зертханалық жабдық және аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 бірлік мобильді кешен сатып алынды", – деді Алексей Цой.

2022-2024 жылдары комитеттің аймақтық бөлімшелерінің 54 ғимаратына жөндеу жүргізіледі. 3 жаңа зертхана ғимаратын салу және Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратын жөндеу жоспарланған. Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 64 бірлік автокөлік сатып алынаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу