Елімізде былтырғы жылмен салыстырғанда некелескендер саны азайған

236

Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.

Елімізде былтырғы жылмен салыстырғанда некелескендер саны азайған Фото: gov.kz

2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасында 120,8 мың некені тіркеді, бұл бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда 5,9% аз. Некелесудің жалпы коэффициенті 6,07 құрады (1000 адамға шаққанда). Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы кэффициент 7,46, ал ең төменгі деңгей Түркістан облысында – 1000 адамға 5,55 болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика мәліметінше, отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі 78,2%, әйелдерде – 79,4%, ажырасқандар арасында қайта некеге тұру үлесі ерлерде 20,4%, әйелдерде 18,9% болды. 

Қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2%), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8%) тіркелді.

Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.

Тіркелген некелердің 82,3% моноэтникалық, яғни бір ұлт арасындағы жұптардың отасуы, ал қалған 17,7% – этносаралық.

Ажырасуға келетін болсақ, олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 9,6% азайып, 40,2 мыңды құрады. Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1%), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9%) тіркелген. 

Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,02 құрады (1000 адамға шаққанда). Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да – 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14, Түркістан облысында ең төмен – 1000 адамға 0,89. Осылайша, 2023 жылы 1000 некеге 333 ажырасудан келген (2022 ж. – 347).

Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (34,9%) некеде 1-4 жыл өмір сүрген отбасылар арасында, тағы 26,7% 5-9 жыл бірге отасқандар арасында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу