Оның ішінде 15,7 млрд тг – дәрілерге, 1,3 млрд тг – басқа да фармацевтикалық препараттарға тиесілі. Былтырғы қаңтар айына қарағанда дәрі-дәрмек өндірісі ақшалай мәнде 61,3%-ға, басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі ақшалай мәнде 22,9%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Жалпы 2022 бойынша дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 142 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 4,5%-ға аз. Басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі 2,4 есеге 17,9 млрд теңгеге дейін азайды.
Отандық компаниялар сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 18,4%-ға қамтамасыз етті. Сектордағы өндіріс бір жыл ішінде 1,5 есе артып, 2022 жылдың 12 айында 14,1 тоннаға дейін өсті. Дәрілік препараттар импорты 15,2%-ға, 62,4 тоннаға дейін ұлғайды. Дәрі-дәрмекті сату ішкі нарықта 20,4%-ға өсіп, 76,5 тоннаны құрады. Секторда экспорт 27,7 кг-ды құрады.
2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің бағасы бір айда 1,2%-ға өсті.
Жылдық динамикада фармацевтикалық өнім 13,6%-ға қымбаттады. Бұл 2017 жылдың қаңтар айынан бастап есептегенде ең жоғары жылдық өсім болып есептеледі.
Өңірлік бөліністе биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің жылдық өсімі Алматы облысында 7,2%-дан Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді. Маңғыстау (18,3%), Солтүстік Қазақстан (15,4%) және Қызылорда (15,3%) облыстарында да айтарлықтай өсім тіркелді.