Елімізде халықтың интернетпен 99% қамтылғаны рас па?

1183

Интернетті, цифрлық жүйені меңгермеген адам аш қалады. Дүниежүзілік экономикалық форум зерттеуінен түйер ой осы.

Елімізде халықтың интернетпен 99% қамтылғаны рас па?

Нақты айтсақ, пандемия кезінде әлем елдері цифрландыруға баса мән беріп, оның барынша дамуына ықпал етті. Қазіргі кезде табысы жоғары елдерде интернетті пайдалану көрсеткіші 87%, ал кірісі төмен мемлекеттерде – 17%. Қазақстан екеуінің қайсына жатады деген заңды сұрақ туады?

Ресми ақпаратқа сенсек елімізде халықтың 99 пайызы интернетпен қамтылыпты. Оны күні кеше ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзі айтты.

Бағдат Мусиннің сөзінше өткен жылы 5 мыңнан астам ауыл ғаламторға қосылған. Биыл тағы 400 елдімекенге интернет тартылады. Демек біртіндеп еліміз 100 пайыз цифрлық жүйеге қол жеткізеді.

Қазақстанда цифровизациядағы әлеуметтік теңсіздік бар ма? Бұл теңсіздікті қалай шешуге болады?

Әлеуметтік теңсіздік дегенді естіп жүрміз. Ол көбіне денсаулық сақтау, білім беру жағдайларында айтылады. Ал цифровизациядағы теңсіздік дегеніміз не? Ол интернеттің бар-жоғын айтпағанда, технологияларға қол жетімділікті білдіреді және адамдарды екі санатқа бөледі. Бірі – интернетті жақсы меңгеріп сол арқылы табыс табатындар, екіншісі – технологиядан хабарсыздар. Дәл осы топтағылардың дамыған елде өмір сүріп, жұмыс істеуі қиындайды. Мұндай жағдайға жеткізбес үшін не істеу керек? Толығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу