Елімізде қайырымды жандар саны артып келеді

1676

Елімізде қайырымды жандар саны артып келеді

Өздерінің құралдары арқылы қазақстандықтардың қайырымдылыққа және әлеуметтік жобаларға қанша қаржы жұмсайтынын есептеп көрген Яндекс.Денег 500-ге жуық коммерциялық ұйымның қайырымдылық істерге атсалысатынын анықтаған. Бұл туралы 7kun.kz жазып отыр.

Олардың қатарында Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Дүниежүзілік әлеуметтік даму қоры және Greenpeace, "Подари жизнь", "Обнажённые сердца", "Милосердие", "Дети Земли", "Линия жизни" сынды қорлар бар.

Соңғы жылдары еліміздің тұрғындары қайырымдылыққа 8 есе артық қаржы жұмсаған. Ал қайырымдылық жасағысы келетін жандардың саны шамамен 7 есеге өсті. Олардың әрқайсысы жылына кем дегенде екі рет 2235 теңгеден (қаржы Ресейдің Орталық банкінің курсымен есептелген) жұмсайды. Бұл көрсеткіш Ресейдікінен аз болғанмен (2554 теңге), Белорусь елінікінен жоғары (1756 теңге), Яндекс. Касса арқылы қайырымдылыққа аударылған ең көп қаржы шамамен 1,97 млн теңгені құрайды.

Қазақстандық қолданушылар арасында ең жомарт жандар Алматы, Астана, Қарағанды Өскемен, Павлодар қаласының тұрғындары екен. Орташа есеппен ең көп қаржыны Алматы қаласының тұрғындары, ең азын Қызылорда қаласының азаматтары аударған.

Зерттеу кезінде 2015 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың қыркүйегі аралығындағы аударымдар есепке алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу