Елімізде тіркелген 800-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер немен айналысады?

303

Бұл институт елімізде енді ғана қолға алынып отыр - 2022 жылы  жұмыс істей бастады. 

Елімізде тіркелген 800-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер немен айналысады? Фото: pexels.com

Әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі Астанада - 184, Алматыда – 109, БҚО – 86, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдармен немесе кәсіпкер ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бизнес.

Ұйымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың негізгі 4 талабы бар:

1-ші санат - заңмен қарастырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

2-ші санат - халықтың әлеуметтік осал топтары өндірген тауарлар мен қызметтердің сатылуына жәрдемдесу;

3-ші санат - мүгедектігі бар адамдар үшін немесе басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарларды өндіру;

4-ші санат - қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізу қызметін жүзеге асыру.

"Кәсіпкерлік кодексі бойынша министрлік әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді. Бүгінгі жағдай бойынша бұл тізілімде 803 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бар", - деді Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Джамбулов. Бұл ретте әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі Астанада - 184, Алматыда – 109, БҚО – 86. 

Ведомство өкілі бірқатар салықтық жеңілдіктер жасау, гранттар беру, инфрақұрылымның болуын, қаржылық және ақпараттық қолдау секілді мемлекеттік қолдау шаралары бар екенін атап өтті. 

"1 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда облыстарының, Шымкент қаласының әкімдіктері конкурстар өткізді, олардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 377 млн теңгеге 80-ге жуық грант берілді", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу