Елімізде ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр

311

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлайды. 

Елімізде ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр  Фото: inbusiness.kz

Көлік прокуратурасы органдарының қадағалау актілері бойынша, Көлік министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, авиақауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас көлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біріншіден, бұл әуе айлақтарының айналасындағы орнитологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізді.

Үкімет бекіткен жол картасы аясында Азаматтық авиация комитеті әуе айлақтар маңында құстардың жаппай жиналуына ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі шаралар кешенін іске асырып жатыр. Бұл полигондардың орнын ауыстыруды және қоқыс үйінділерін жоюды қамтиды.

Қазіргі таңда Алматы, Шымкент, Астана және Түркістан қалаларында мұндай полигондар жойылды, ал Орал және Балқаш қалаларында санитарлық аймақтан тыс жерлерге көшіріледі.

Сондай-ақ, құстарды қорқыту үшін пиротехникалық құралдар, биоакустикалық қондырғылар және электронды шулы жүйелері пайданылады.

Сонымен қатар, енді авиакомпанияларға заң актілерімен құстардың әуе кемелерімен соқтығысуы туралы хабарлау міндеті жүктелді.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша, әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы 58%-ға төмендеді.

Екіншіден, қауіпсіздікті арттыру үшін әуежайлар "соқыр" аймақтарды қоспағанда, бейнебақылаумен барынша жарақтандырылады.

Бұнымен қоса олардың орналасуы, техникалық сипаттамалары және басқа параметрлер бойынша бірыңғай стандарттар әзірленуде, олар командалық ұшу және жер үсті персоналының іс-әрекеттерін объективті бақылауды қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, әуе кемелерінің паркі жаңартылады және мұздануға қарсы сұйықтықтармен өңдеу бойынша арнайы машиналар сатып алынуда.

Айта кетейік, осы және басқа бастамалар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жан-жақты тәсілдің бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу