Елімізде жасыл желектерді күтіп-баптау мен қорғаудың қағидалары бекітілді

453

Оған сәйкес елдімекендерде жасыл екпелер жасау, оны күтіп-баптау және қорғаудың ережелерін жергілікті атқарушы орган әзірлейді.  

Елімізде жасыл желектерді күтіп-баптау мен қорғаудың қағидалары бекітілді Фото: gov.kz

Елдімекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидалары бекітілді, деп жазады inbusiness.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда бұл қағида мемлекеттік орман қоры учаскелерінде, сонымен қатар республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, жеке тұрғын үй, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.

"Қағидаларға сәйкес ағаш кесу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
  • инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;
  • авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
  • бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсартуқажеттілігі;
  • адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;
  • ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат берілмейді.

"Ағаштарды кесуге рұқсат алған жағдайда, кесу жүргізген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қалпына келтірілетін ағаштарды 10 есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі. Ал, қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен 10 есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі. Өтемдік отырғызу кезінде 1 жылдық көшеттерді пайдалануға жол берілмейді", - деп толықтырды министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу