Елімізде желтоқсан айында қалың қар жауып, қатты аяздар болады

1254

Елімізде желтоқсан айында қалың қар жауып, қатты аяздар болады

Желтоқсанның үшінші онкүндігінде еліміздің бірқатар аймағында шамадан тыс мөлшерде қар түсіп, қатты аяздар болады, деп мәлім етті ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

"Болжам бойынша ("Казгидромет" РМК – ИК-К) желтоқсанның үшінші онкүндігінде температура төмендеп, кейбір өңірде, атап айтқанда Сотүстік және Шығыс Қазақстанда түнде  -25-30 градусқа дейін аяз болады", – деді Ю.Ильин бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз жиынында.

Оның айтуынша, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстары аумағында биыл қар  алдыңғы жылдармен салыстырғанда мол түседі.

"Қардың қалың болуы халықтың тұрмыс-тіршілігіне белгілі бір қауіп-қатер төндіреді", – деп атап өтті вице-министр.

Осыған байланысты, жергілікті полиция органдары, төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдары дайындық жағдайына келтірілген.

"Қазіргі таңда республика аумағындағы тас жол бойларында 40-қа жуық медициналық қосын жасақталды. Олар сондай-ақ көлік құралдарын, жүргізушілер мен жолаушыларды жылыту қосыны қызметін қоса атқарады", – деді Ю.Ильин.

Жергілікті атқарушы органдар ауа райы күрт суытқан жағдайға арнап қосымша 360 жылыту  қосынын ұйымдастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу