Қазақстанға 2025 жылы 3 жолбарыс Ресейден әкелінбек

270

Қазақстанның ауа райына 2 жолбарыс тұқымы ғана төзімді. 

Қазақстанға 2025 жылы 3 жолбарыс Ресейден әкелінбек Фото: sciencemag.org

Әлем бойынша сирек кездесетін жыртқышты реинтродукциялау бағдарламасы аясында екі жылдан кейін Ресейдің Таяу Шығысынан Қазақстанға үш Амур жолбарысын алып келеді. 35 жылға созылатын жоба аясында мамандар алдымен жолбарыстар мекендейтін резерваттың экожүйесін қалыпқа келтіріп, тұяқты жануарлар санын көбейтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі Мәжіліс отырыснда депутат Дүйсенбай Тұрғанов Экология министріне атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде сұрады.

"Биыл көктемде сіздер Торғай өңіріне жабайы жылқыларды Чехиядан алып келдіңіздер. Енді Балқаш және Арал өңіріне жолбарысты алып келеді деген ақпарат бар. Бұл не жоба, оның мақсаты қандай?", - деді халық қалаулысы.

2025 жылы үш жолбарыс Қазақстанға Ресейден әкелінбек.

"Тұран жолбарысы дейміз. Іле өзенінің жағасындағы орманда және Балқаш өзеніне құятын жердегі қамыс өсетін алқапта тұран жолбарысы болған. Соңғы жолбарыс сол өңірде 1948 жылы болған. Сондықтан біз бағанағы кер тағыны (жабайы жылқы) алып келіп, ондағы популяцияны қалпына келтіреміз деген үлкен бағдарламамыз бар. 2026 жылы ол 40 бас болады. Енді жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру бойынша 2024 жылғы қыркүйектің соңына дейін Голландиядан 2 жолбарыс алып келеміз. Бұл тұран жолбарысы тұқымдас Амур жолбарысы. Себебі, осы 2 жолбарыс қана суыққа төзімді. Қалған жолбарыстың бәрі жылы жерде өмір сүреді. Сондықтан келесі жылы Ресейден тағы 4 жолбарысты, осылайша бізде болған жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру мәселесін шешуге арналған бағдарлама бар", - деді министр Ерлан Нысанбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу