Еліміздің әскери-теңіз күштері мобильді сүңгуір кешенімен жабдықталады

1097

Еліміздің әскери-теңіз күштері мобильді сүңгуір кешенімен жабдықталады

Еліміздегі  алғаш рет  Әскери-теңіз күштеріне қарасты арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне мобильді сүңгуір кешен жеткізуді бастады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпары бойынша, аталмыш кешен Каспий теңізінің суасты айдынын күзетуге арналған. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институты осы жабдықты әскери теңізшілерге беру үшін тиісті сынамалар жүргізуде.

Жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен қатар, су жаңа мобильді сүңгуір кешені жабдықталмаған жағалау жағдайларында сүңгуірлердің жаттығу кезінде шөгуін қамтамасыз етеді.

Оның құрамына сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету құралдары бар модуль, ашық және тұйықтаулы үлгідегі тыныс алу аппараттары мен теңізде жұмыс жасауға арналған арнайы қайық кіреді. Жеткізілетін кешен жоғары өтімді КамАЗ автомобилінің базасында орнатылған. Аталған техника жүк автомобильдері мен арнайы техниканы құрастыруға маманданған "КАМАЗ инжиниринг" АҚ Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнынан сатып алынады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу