Еліміздің бес облысында ескерту жарияланды

1399

Нұр-Сұлтан қаласында 10 қарашада көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын, күндіз тұман болуы ықтимал. 

Еліміздің бес облысында ескерту жарияланды

Қазгидромет таратқан ақпарға сай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с жетеді.

10 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

10-12 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу