Еліміздің қай өңірлерінде мұғалімдердің жалақысы жоғары

4863

Қазақстанда бір жылда білім беру саласындағы қызметкерлердің айлығы бірден 27%, ал сатып алу қабілеті 18% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.  

Еліміздің қай өңірлерінде мұғалімдердің жалақысы жоғары

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда білім беру саласында 528,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 2,5% артық. Аймақтарды бөліп қарағанда білім беру саласындағы қызметкерлердің басым бөлігі Алматы облысында (68,3 мың адам) еңбек етеді. Сан жағынан үздік үштікті Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді. Саладағы ең аз қызметкерлер Атырау облысында (бар-жоғы 14,2 мың) тіркелген.

"Білім беру саласы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2021 жылдың екінші тоқсанында 233,9 мың теңгеге жетті. Бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 26,8% артық. Жалақының өсуіне сәйкес нақты сатып алу қабілетінің индексінің өсімі 18,1% құрады. Мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері ел бойынша орта есеппен 116,4 мың теңге (нақты мәнде 20,1% қосу) табады. Бастауыш білім беру саласында 193,4 мың теңге (+11,2%), орта білім беру саласында 273,7 мың теңге (+9%), жоғары білім беру саласында 251,7 мың теңге (+12,2%) табыс табады", - делінген зерттеуде. 

Өңірлерді бөліп қарағанда елордада білім беру саласының қызметкерлері ең көп табыс тапты: 350,8 мың теңге. Бұл - бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,6% артық. Екінші және үшінші тізімде Маңғыстау облысы (268 мың теңге) және Алматы (265,5 мың теңге) орналасқан. Ең төмен көрсеткіштер - Батыс Қазақстан облысында: 200,7 мың теңге. Қазақстанның 17 өңірінің ішінде бесеуінде ғана қызметкерлердің айлығы елдегі орташа айлықтың көрсеткішінен асты. 

2022 жылдың қаңтарында балабақша, мектеп және колледж педагогтарының жалақысы тағы 25% артады. Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретіні айтылып жатыр. Білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың да жаңа жүйесі енгізіледі.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу