"Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Үлестік құрылыс – күрделі мәселенің бірі. Кей үйлерде қазаншұңқыр ғана болса, кейбіреуінің үй қаңқасы ғана бар. Бірақ әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар", – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Фейсбукте.
Сондай-ақ қала әкімі бүгін "Қорғалжын орамы", "Триумф Есіл-2", "Тұран Сығанақ" нысандарына барғанын, инвесторлар анықталып, "Қорғалжын орамында" құрылыс жұмыстары қайта басталғанын жазды.
Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары келесі айда, шарттарға қол қойылғаннан кейін басталады.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп үй салынып, пайдалануға беріледі. 8 мың үлескері бар 20 үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын алады.