Елордада көлік жүргізушісі екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.
"11 қыркүйек күні сағат 10:30 кезінде 1947 жылы туған жүргізуші Бурабай көшесінде "Kia" көлігімен артқа қарай шегіну кезінде кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде тротуармен 2019 жылы және 2012 жылы туған екі баламен қатар, әйел адам келе жатқан", – делінген.
Оқиға салдарынан екі бала дене жарақатын алды, ал әйел зардап шеккен жоқ.
Жеті жастағы қыз бала жарақатпен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 2019 жылы туған балаға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйіне жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу