Елордада ғылыми конференция басталды

933

Елордада ғылыми конференция басталды

Бүгін Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен "Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату" атты халықаралық ғылыми конференция басталды, деп хабарлайды 24kz.

Жиын осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық диалогқа 16 мемлекеттен 700-ге жуық делегат арнайы келген. Конференцияның негізгі мақсаты – отандық білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Бұл ретте шетелдік және қазақстандық ғалымдар өз ұсыныстарын ортаға салады. Ал конференция соңында ең үздік баяндамалар іріктеліп, марапатталатын болады. Сондай-ақ, жаңа еңбектер арнайы электронды басылымдарда жарияланбақ. Конференция аясында арнайы көрме де өтіп жатыр.

 "Елімізде биылғы жылы енгізіліп жатқан жаңа стандарттар жақсы енуі үшін, мұғалімдердің оны жақсы түсінуі үшін, жалпы педагог мамандармен ой бөлісу үшін шақырып отырмыз. Себебі трансляция жасауда үлкен жұмыс бар. Оны тек біз ғана түсінбеуіміз керек. Оны ең бірінші мұғалім түсіну керек. Екіншіден айтатынымыз ата-ана түсіну керек. Оны қоғам түсіну керек", – деді "НЗМ" ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу