Елордада Pfizer вакцинасын 4,5 мыңға жуық адам алды

738

Нұр-Сұлтанда 4,5 мыңға жуық қала тұрғыны Pfizer вакцинасымен (бірінші компонент) егілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Pfizer вакцинасын 4,5 мыңға жуық адам алды

Олардың арасында жасөспірімдер (12-17 жас) көш бастап тұр – 2 877 бала екпе алған. Негізінен, мамандар атап өткендей, балалар мектептердің медициналық пунктерінде вакцинацияланады.

"Ата-аналар көбінесе педагогтерге мектептің медпунктінде егілу ниетімен өздері жүгінеді. Олар бұл жерде балалар үшін таныс орта, ал ата-аналар мұғалімдермен, медқызметкерлермен таныс болғандықтан олардың да көңілі жай. Біз ата-аналар мен балалардың осындай бастамасына тек қуаныштымыз. Оларға қолайлы орта ұсынып, әңгімелесеміз, олардың жағдайын бірге қадағалаймыз", – дейді "Салауатты Астана" емханасының мектеп-мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Еңсебаева.

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, вакцинациядан кейін бақылау аймағында оқушыларға қандағы қант деңгейін ұстап тұру үшін шай, тәттілер ұсынылады.

"Балаларға ең алдымен назар аударып, қамқорлық таныту қажет. Олар еш алаңдамас үшін біз барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Менің ойымша, балаға да, ата-анаға да осылай ыңғайлы", – деп қосты дәрігер.

Бүгінде қала бойынша 90 жүкті әйел, 1 357 бала емізетін ана және 2 877 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды. Қала бойынша бірінші компонентпен барлығы 466 мыңнан астам адам вакцинацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу