Елордада жоспарлы емдеуге жатқызу қайта басталады

639

Күн сайын мобильді бригадалар КВИ бар амбулаториялық пациенттердің үйіне екі мыңнан астам шақыруға барады. 

Елордада жоспарлы емдеуге жатқызу қайта басталады

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ брифингінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"12 қазандағы жағдай бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 2 573 пациент коронавирустық инфекциядан және 16 адам мүмкін болған жағдайда амбулаториялық негізде үйде емделуде. Күн сайын мобильдік бригадалар емделуді бақылау үшін амбулаториялық пациенттердің үйіне екі мыңға жуық шақыруға барады", – деп хабарлады Тимур Мұратов.

Оның мәліметінше, бүгінгі күні қалада КВИ диагнозы бар 758 бала амбулаториялық ем алуда, ал 48-і стационарлық ем алуда, балалар арасында елордада ауыр жағдай жоқ.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы елордалық ауруханаларда науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызу және емдеу қалай қалпына келтірілетінін түсіндірді.

"Қазір көптеген азамат ковидтік стационарларға айналған ауруханаларда жоспарлы емдеуге жатқызу мен емдеуді тоқтату проблемасына алаңдаулы. Пандемияның ауыр кезеңінде бұл қажетті және мәжбүрлі шара болды. 6 қазанда №2 Көпбейінді қалалық ауруханада тәуліктік және күндізгі стационарларға жоспарлы емдеуге жатқызу жанданды. Сондай-ақ осы аптада жоспарлы емдеу үшін пациенттерді біздің бірінші қалалық аурухана қабылдай бастайды, ол шілде айында инфекциялық стационарға айналып, төрт мыңнан астам пациентті емдеген болатын", – деді спикер.

Елорданың бас дәрігері тұмау маусымы басталғанын еске салды, оның басталуы КВИ ауруының артуымен тұспа-тұс келді.

"Биылғы маусымдық тұмау кезеңі коронавирустық инфекцияның өсуімен күрделене түсті. Екі вирус та тыныс алу жүйесіне әсер етеді, сондықтан вакцинацияны уақытында алу керек. Өйткені олар вирусты жұқтыру ықтималдығын азайтады және аурудың асқынуынан қорғайды. Вакцинация мен ұжымдық иммунитетті дамыту арқылы аурудың деңгейі төмендеп, біртіндеп қалыпты өмірге ораламыз, тиісінше карантиндік шаралар жеңілдетілетінін атап өтуге болады. Алдын алу шаралары ретінде азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялау жалғасуда", – деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу