Елордада жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 75 рет өткізілді

1018

Елордада жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 75 рет өткізілді

Үстіміздегі жылы Астанада апта сайын 75 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, онда 1390 тонна өнім, соның ішінде ет өнімдері 321 тонна, 25 тонна сүт өнімдері, 943 тонна көкөніс, 30,5 тонна қант және 43,5 тонна басқа тауарлар сатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада қала тұрғындарын тұрақты түрде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін 72 агроөнеркәсіп субъектісі бар. Соның ішінде ұн тартатын 9 кәсіпорын, нан-тоқаш өнімдерін өндіруші 41 кәсіпорын, шұжық өнімдерін өндіруші - 5, сүт өнімдерін шығаратын бір кәсіпорын, 8 көкөніс қоймасы, бір жылыжай кешені, 2 ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші бар.

Делдалдардың санын қысқарту мақсатында қалада 5 сауда-логистикалық орталық ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу