Елордадағы сақалды құрылыстардың биыл жиырмасы аяқталады

1042

Яғни 7800 үлескер пәтер алады.

Елордадағы сақалды құрылыстардың биыл жиырмасы аяқталады

2020 жылы елордада сақалды құрылыс саны 20-ға азаяды, яғни 7800 үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады, деп хабарланды әкімдіктен.

Елордадағы қайта салынатын сақалды құрылыстың бірі – "Территория комфорта – 1" тұрғын үй кешені. 2004 жылы қаңқасы қаланып қойған нысан техникалық тексеруден кейін апатты деп танылған болатын. Қаңтар айындағы ауа райына байланысты оны сүру қарқыны баяулап қалған еді.

"Қазір жұмыстар қайта жанданды, құрылыс қарқынын жеделдетеміз", – деді "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталин жұмыс барысын көруге келген шаһар әкімі Алтай Көлгіновке.

Айта кетсек, өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу