Елордаға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді

836

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" векторлық вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Елордаға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді

Елордаға жеткізілген бұл 10 мың доза екпе – бір компонентті.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакцинациялауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналғанын атап өтті.

QazVac, Sinopharm, Hayat-Vac, Sinovac екпесін алғандар "Спутник Лайт" препаратын қайта ектіре алады. 

Вакцина арнайы мұздатқышпен жеткізіліп, температурасы -18 градус және одан төмен мұздатқыш жабдыққа орналастырылды. Емханаларға бұл вакцина тіркелген халық санын ескере отырып бөлінеді.

МСАК ұйымдарының вакцинация пунктерінде және сауда орталықтарында ("Керуен" СОО, "Абу даби плаза", "Азия парк", "Еуразия" СҮ) екпе алуға болады.

Осылайша, елордада ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: QazVac, Sinopharm және Спутник Light.

Pfizer препаратын тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ектіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу