Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Нұр-Сұлтанның жеті ауданында тасқын қаупі бар екенін айтты. "Интерфакс-Қазақстанның" хабарлауынша, олардың басым бөлігінде жер үйлер орналасқан.
"Әкімдік өздері тасқынға бейім жеті ауданды белгілеп отыр. Негізінен мұнда жеке сектор жайғасқан. Тіпті нөсер кәрізін қойып немесе жұмысын қалып келтіріп үлгермеген аумақтар да бар. Қала әкімдігі әлі де қала орталығы мен шеткері аудандардан қарды сыртқа тасып жатыр. Дегенмен, тасқын тәуекелі бар", - деді министрлік өкілі баспасөз мәслихатында.
Министрдің орынбасары күн күрт жылынып, жаңбыр жауса, қалада судың мөлшері көбейетінін айтады. Әкімдік мұндай сценарийге өздерінше дайындалып, эвакуация шаралары мен моторлы су сорғыш техникаларды әзірлеп отырған көрінеді.