Елжан Біртанов: Біз маман тапшылығынан үш есе көп түлек шығарамыз

1227

Министр осылай бола тұра, неге дәрегер жетіспейтінін түсіндірді.

Елжан Біртанов: Біз маман тапшылығынан үш есе көп түлек шығарамыз

Бүгін үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде шамамен 240 мың медициналық қызметкер бар. Оның ішінде 70 мыңы — дәрігерлер, 170 мыңы — мейірбикелер. Соның ішінде дәрігерлердің 20%, мейірбикелердің 12% жекеменшік секторда жұмыс істейді.

ҚР ДСМ мәліметтері бойынша, кадрлық қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар дәрігер кадрлардың жетіспеушілігін 2007 жылы 5,5 мың маманнан 2017 жылы 2,8 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн, яғни мамандар 48,7% артқан. 2020 жылға қарай кадрлар тапшылығын 1,9 мыңға дейін, немесе қарастырылған штаттық бірліктен 2,7% дейін төмендету көзделіп отыр.

Медициналық кадрлармен қамтамасыз етуді одан әрі арттыру үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігі мамандарды жалдау және жергілікті жерлерде ұстау үшін бірқатар шаралар атқаруда. Биыл маман тапшылығы 2800 адам болған жағдайда, интернатура түлектері, емханаларда жалпы практика дәрігері, хирург және терапевт болып жұмыс істей алатын 6000 жуық түлек, сондай-ақ 1500 жуық ауқымы тар маман бітірді.

"Біз маман тапшылығынан үш есе көп түлек шығарамыз. Дегенмен, түлектер еңбек нарығында жекеменшік клиникаларға жұмысқа орналасуды жөн санайды және ауылды елдімекендер мен емханаларға орналасуды қаламайды", — деді Елжан Біртанов.

Осыған орай жергілікті атқарушы органдарға өңірге жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен білім беру тапсырысын жасауға мүмкіндік берілді.  

"Студенттер әкімдердің гранттарымен білім алғаннан кейін, өздері келген өңірге барып жұмыс істеуі керек. Келесі жылдан бастап грантта оқыған барлық түлектерге міндетті үш жылдық еңбекті өтеу талабын енгіземіз. Арнайы мемлекеттік комиссия оларды осы өңірлерге бөлетін болады. Мемлекет олардың оқуына ақы төлегеннен кейін, олар сол жерге барып жұмыс істеуі керек", — деді Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу