Еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

309

Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады. 

Еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу