Оның сөзінше заңгер әрі блогердің ісі күн өткен сайын ушығып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кеше ғана "Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 3 жылға сотталуы мүмкін" деген тақырыпта материал жариялаған еді.
Онда мемлекеттік айыптаушының Әділетхан Молдаханның бас бостандығын 3 жылға айыруды сұрағаны жазылған-ды. Одан бөлек, журналист Руслан Өтепбай осы іске қылмысты ауырлататын мән-жайлар бойынша тағы бір бап қосылып жатқанын мәлім еткен еді. Бүгін ол алынып тасталып, басқа бап қосылғаны белгілі болып отыр.
– Әділетханның жағдайы ушығып жатыр. Бүгін үкім шыққан жоқ, керісінше қылмыстық іс 274-баптың 3-бөлігіне ауысты. Бұл прокурор енді 3 жыл емес, 5 жыл сұрауы мүмкін деген сөз, – деді журналист.
Келесі сот отырысы 9 шілдеге белгіленген.
Бұған дейін заңгердің барлық шығыны 35 миллион теңгеге жетуі ықтимал екенін жаздық.