Euronews басылымының дерегіне сүйенсек, елдің Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының оңтүстігінде бірнеше өрт ошағы тіркелген. Қазір қызыл жалын жарты миллион гектарға жуық жерді шарпып үлгерген.
Жергілікті синоптиктердің айтуынша, алдағы 36 сағатта аймақта қатты жел тұруы мүмкін. Бағытын жылдам өзгертетін желдің салдарынан өрттің тез таралып кету қаупі бар.
Билік қауіпті аймақта тұрып жатқан халықты дереу эвакуациялауға көшкен. Сондай-ақ Виктория штатының тұрғындары да қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі Глэдис Бережиклиан халықты үйлерін тастап, берілген нұсқаулықтарға бағынуға шақырып жатыр. Ол тілсіз жау ойран салып жатқан аймақта мамандардың тәулік жұмыс істеп жатқанын және сенбіге дейін өрт сөндірілетінін мәлімдеді.
Ел басына түскен ауыр жағдайға байланысты бірқатар ел өз көмектерін ұсынып жатыр. Қазір АҚШ, Жаңа Зеландия және Канада елдерінен келген өрт сөндірушілер аустралиялық әріптестеріне ерікті түрде атсалысуда.
Табиғат Нұрболат