Енді мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңі автоматтандырылады

598

ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова "iQyzmet" базасында кадрлық процестерді цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылатынын мәлімдеді, деп inbusiness.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңі автоматтандырылады

Бұл туралы ол "электрондық оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі" тақырыбындағы халықаралық онлайн-конференцияда айтты.

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өз сөзінде Қазақстанның Мемлекеттік қызмет саласындағы цифрландыру тәжірибесімен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

Атап айтқанда, "iQyzmet" базасында кадрлық процестерді цифрландырудың бірінші кезеңі ретінде мемлекеттік қызметке іріктеу процесін қайта қарау жүзеге асырылатыны туралы ақпарат айтылды. Іріктеудің барлық кезеңдері бұдан былай автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, кандидаттардың деректерін бар бос жұмыс орындарымен және біліктілік талаптарымен автоматты түрде салыстыру мүмкіндігі көзделген. Бұл кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді электрондық оқыту тұрғысынан алғанда, 2020 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша барлық оқу процестері LMS Canvas және Microsoft Teams ақпараттық платформалары базасында онлайн режимінде, қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша – Zoom, Microsoft Teams және Moodle платформаларында өтетіні атап өтілді.

Корея Республикасы Персоналды басқару министрлігінің өкілі 2017 жылы құрылған мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ұлттық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта жүйеде 3000-нан астам оқыту мазмұны бар. Бұл курстардың көпшілігі мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті болып табылады және мысалы, адалдық пен сатылмаушылық, гендерлік теңдік және т.б. мәселелерге арналған, бұл ретте жалпы және ерекше жұмыс дағдыларын дамытатын курстарды әртүрлі министрліктер бірлесіп пайдаланады. Жалпы алғанда, кореялық мемлекеттік қызметкерлер жылына кемінде 100 сағатты құрайтын оқудан өтуі тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда олар лауазымда одан әрі жоғарылауға жатпайды.

Сонымен қатар, конференция барысында Грузия, Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан HR қауымдастығының электрондық оқыту тәжірибесі ұсынылды.                      

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу