Енді жүрегі ауыратын науқастарға қашықтан мониторинг жасалады

355

Дәрігер ұялы телефон қосымшасы арқылы науқастың жағдайын бақылай алады

Енді жүрегі ауыратын науқастарға қашықтан мониторинг жасалады Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі

Алматы қаласында алғаш рет КІАҒЗИ-да пациенттерге қашықтан мониторинг жүйесіне қосу мүмкіндігімен жаңа буын дефибрилляторлары имплантацияланады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да шеберлік кластар өтті, оның бірінде пациенттерге жаңа буын дефибрилляторлары орнатылды. Олардың бірегейлігі - дәрігерлердің ұялы телефон қосымшасы арқылы науқастың жағдайын бақылай алатынында.

 "Алматыда алғаш рет біздің клиникада жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерге қашықтан мониторинг жүйесіне қосу мүмкіндігімен жаңа буын дефибрилляторлары имплантацияланды. Мұндай технологиялар пациенттің жағдайын кез-келген қашықтықта бақылауға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда жүректің кенеттен тоқтап қалуын, аурудың ауыр зардаптарын болдырмау үшін емдеу схемасын түзетеді. Бұл республикалық орталықтарға дефифибрилятор имплантацияланғаннан кейін тексеруге келе алмайтын елдің басқа аймақтарынан келген науқастар үшін өте қолайлы. Заманауи технологиялар пациенттің телефонына арнайы қосымшаны орнату арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Дербес деректер шифрланады және орталықтандырылған серверге түседі, оған тек осы саладағы сертификатталған мамандар ғана қол жеткізуге мүмкіндік алады", - деп ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов ойымен бөлісті. 

Фундаменталды және трансляциялық медицина ФЗО (Ресей) директорының ғылыми - клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, м.ғ.д. Сергей Артеменконың басшылығымен клиниканың аритмологтары іс жүзінде "зергерлік" жұмысты жүргізеді. 

"Институтта әлемдік стандарттарға сай келетін жабдықтың болуы қазақстандық әріптестерімізбен ең күрделі операцияларды, оның ішінде жүрек ырғағының бұзылуымен және ілеспе аурулармен байланысты аралас операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. 3D технологиялары аритмия мен эктопиялық ошақтардың көздерін жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен 1 мм дәлдікпен табуға мүмкіндік береді, пациент толығымен қалпына келеді", - деп атап өтті профессор.

Жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалаудың дәлдігін арттыру арқылы пациенттерді емдеудің тиімділігі, операциядан кейін олардың өмір сапасы артады, бір пациентке қайталанған операция жүргізу қажеттілігі азаяды, кенеттен қайтыс болу, асқынулардың саны азаяды. 

Шеберлік класы аясында 10 күн ішінде әртүрлі жастағы күрделі жүрек аурулары бар науқастарға 50-ге жуық операция жасау жоспарланып отыр. 

Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыттың айтуынша, соңғы 10 жылда имплантацияланатын эндокардиалдық электродтарының дизайны мен жұмыс параметрлерінде үлкен өзгеріс болды. Сонымен қатар, 1958 жылы алғашқы имплантациядан бастап эндокардиалдық электродтар оқшаулағыш материалдардың биоүйлесімділігіне, электрод конструкцияларына, инфекциялық асқынуларға, жеткізуші тамырлардың окклюзиясына байланысты және тағы басқа проблемаларды тудырады. Қазіргі уақытта дәрігерлер қауымдастығы электродтардың тамыр арқылы экстракциясы проблемалы электродтарды басқарудың негізгі және жалғыз әдісі болып табылады деген пікірге келді. 

Бүгінгі таңда еліміздің көптеген клиникаларында электродтарды имплантациялау бойынша операциялар сәтті жүргізілуде, бірақ оларды алу проблемаларына тап болу да сирек емес. Ерекше жағдайды атап өткен жөн: шеберлік класы барысында 61 жастағы пациентке операция жасалды, оған оған 7 жыл бұрын эндокардиальды электрод имплантацияланды, бірақ оны алып тастау тек КІАҒЗИ-да жүзеге асырылды. Электродтарды бекіту нүктелерінде (жүрек қуысында және веноздық тамырлар бойымен) тыртық тіндерінен қауіпсіз және тиімді босату қажет.

Экстракция кезіндегі клиникалық жағдай тез өзгеруі мүмкін, сондықтан команда кез-келген жағдайға дайын болуы керек. Ұзақ уақыт имплантацияланған электрод алынған кезде жүрек бұлшықетінің жыртылуы сияқты асқынуларға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда операция нәтижесі команданың - тек аритмологтар ғана емес, сонымен қатар анестезиологтар, трансфузиологтар, перфузиологтар, кардиохирургтар, техникалық қызметкерлер және басқалардың үйлесімді жұмысымен қамтамасыз етіледі. 

Шеберлік класы барысында хирургиялық араласу жасалған ең жас науқас небәрі 20 жаста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу